Жаңалықтар
2 баланы тастап кеткен әйел іздестірілуде
Атырауда 35 жастағы жұмыссыз әйел кәмелетке толмаған екі баласымен 2019 жылғы қазаннан бастап қаладағы Тельман көшесінде пәтер жалдап тұрған. Жақында ол 3 және 5 жастағы екі қызын пәтерге қараусыз тастап, кетіп қалған. Бұл туралы полицияға азаматшаның Ақтау қаласында тұратын 18 жастағы үлкен қызы хабарлайды. Анасы оған қоңырау шалып, осындағы кіші…
Толығырақ »Карантин талаптарын бұзғандар анықталды
Атырауда полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында белсенді жұмыстар жүргізуде. 19 желтоқсан күні сағат 23:30 шамасында М.Горький көшесінде орналасқан «Рыба моей мечты» караоке-бары карантин талаптарын орындамай, жұмысын жалғастырғаны анықталды. Тексеру кезінде аталған мекемеде 60-қа жуық адам болған. Айта кету керек, бұл караоке-бар карантиндік шектеулерді бұған дейін 8 рет бұзған. Сонымен қатар,…
Толығырақ »Мүгедектігі бар және асыраушысынан айырылғандарға 334 млрд. теңге жәрдемақы төленген
2020 жылғы қаңтар–қараша аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 266,1 млрд. теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 68,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылғы қараша айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 24,1…
Толығырақ »Атыраулық оқушылар халықаралық сайыста топ жарды
Бразилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» атты 35-ші Халықаралық білім көрмесінің аясында өткен ғылыми жобада атыраулық оқушылар жүлделі орынға ие болды. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Идеялар мен терең зерттеу жұмыстарының басын қосқан додаға 35 елден 752 үміткер қатысқан. Олардың қатарында Қазақстан мектептерінен 25 оқушы бар. Соның…
Толығырақ »Атыраулық бапкерлер марапатталды
Кеше Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстанның жауынгерлік ассоциациясы бір топ бапкерді ҚР Мәдениет және спорт министрлігнің «ҚР Құрметті спорт қызметкері» төс белгісімен марапаттады. Ассоциация президенті Кәрім Мәсімовтың қолынан марапатқа ие болғандар қатарында Қазақстанға еңбегі сіңген қос атыраулық жаттықтырушы бар. Олар панкратион мен греплинг және аралас жекпе-жек ұлттық…
Толығырақ »Құрманғазыда шаруа қожалықтары көбейді
Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалықтары 36,6 пайызға өскен. – Аудандағы шаруа қожалықтарының саны өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға артты. 2019 жылы 311 шаруа қожалығы тіркелген болса, биыл олардың саны 425-ке жетті, – деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев. Айта кетсек, биыл Қызылқоға ауданында ауыл шаруашылығының…
Толығырақ »Пиротехника сатушыларға айыппұл салынды
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Осы іс-шара аясында қаланың екі тұрғынының әлеуметтік желілерде жаңа жылдық пиротехниканы сату туралы хабарландырулары анықталды. Оларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, ӘҚБтК-нің 196-бабы «Тауарлармен немесе…
Толығырақ »Аймақта кеше тағы 62 адам КВИ-н жұқтырды
Атырау облысында өткен тәулікте 62 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Олардың 21- і Атырау қаласынан тіркелген болса,Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Қызылқоға ауданынан – 3, Индерден – 4, Құрманғазы ауданынан – 3, Исатай ауданынан 1 адамнан анықталған. Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 17-інде ауру симптомды…
Толығырақ »Қызылқоғада 85 адамға грант тағайындалды⠀
Бұл туралы Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев Атырау облыстық коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте айтты.⠀ 100 адамға кәсіп ашу мақсатында несие берілсе, жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 85 азаматқа грант тағайындалған. Аудан әкімі «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасының» үшінші бағыты бойынша…
Толығырақ »Техникалық паспортты онлайн режимде алуға болады
Енді азаматтар ХҚКО-ға бармай-ақ, жылжымайтын мүліктің техникалық паспортын онлайн режимінде ала алады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Электрондық техпаспортты электронды үкімет порталында алу үшін «Жылжымайтын мүлік» бөліміне кіріп, «Жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық паспортын алуға электронды өтініш беру» қызметін таңдап тізімде көрсетілген құжаттарды тіркеу қажет. Құжатты дайындау мерзімі…
Толығырақ »









