Құрманғазыда шаруа қожалықтары көбейді

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, биыл Қызылқоға ауданындағы шаруа қожалықтары 36,6 пайызға өскен.

– Аудандағы шаруа қожалықтарының саны өткен жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға артты. 2019 жылы 311 шаруа қожалығы тіркелген болса, биыл олардың саны 425-ке жетті, – деді Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев.

Айта кетсек, биыл Қызылқоға ауданында ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 12 624,9 млн. теңгені көрсетті.