Пиротехника сатушыларға айыппұл салынды

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің бұйрығымен 15 желтоқсаннан бастап пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатуды анықтауға бағытталған «Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.

Осы іс-шара аясында қаланың екі тұрғынының әлеуметтік желілерде жаңа жылдық пиротехниканы сату туралы хабарландырулары анықталды.

Оларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, ӘҚБтК-нің 196-бабы «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Естеріңізге сала кетсек, пиротехникалық бұйымдарды барлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес және міндетті сертификаты болған жағдайда ғана сатуға болады.
«Пиротехника» жедел алдын алу іс-шарасы 7 қаңтарға дейін жалғасады.