Атырауға 34 жолаушы анықтамасыз келген

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 желтоқсанда Атырауға Мысырдың Шарм-эль-шейх қаласынан 150 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 34 жолаушыда ПТР-тест нәтижесі бар анықтама болмаған.  
– Мысырдан ұшып келген барлық жолаушыдан коронавирусқа қарсы сынама алынды. Зерттеу қорытындысы теріс нәтиже көрсетіп, жолаушылардан қауіпті инфекция анықталмады. Қазір олар үйіне жіберілді, – деп хабарлады басқарманың басқпасөз қызметі.
Бұған дейін Атырауға 14–21 желтоқсан аралығында «Амстердам-Атырау» бағытымен барлығы 143 жолаушы ұшып келген. Оның ішінде 2 жолаушыда COVID-19-ға ПТР-тест қорытындысы болмай шыққан. Сол себептен, карантиндік стационарға жатқызылды. Олардан да COVID-19 инфекциясы анықталған жоқ.