Мақатта 1 382 адам жұмыспен қамтылды

Биыл​ Мақат​ ауданында​ 1 382 адам​ ​ жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы Мақат ауданының әкімі Шәкір Кейкін облыстық​ коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

– Қазіргі уақытта аудандағы​ жұмыссыздар саны – 1 892, оның ішінде 778 адам ресми түрде тіркеліп тұрғандар. Ал жыл басынан бері 1 382 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ, 64 адам әлеуметтік жұмыс орындарына,​ 129​ адам жастар тәжірбиесіне жіберілді, – деді аудан әкімі.

Сондай-ақ, Шәкір Кейкін биыл мемлекеттік бағдарламалар арқылы 18 адам несие алып, өз істерін бастағанын айтты. Оның ішінде 4 адамның кәсібі​ халыққа қызмет көрсету саласында болса, 4 адам мал шаруашылығымен айналысуда. Ал 9 азамат өз дүкендерін ашса, біреуі ауыр жүк тасымалын дөңгелетуде.