Жаңалықтар
Жүгенсіз қыздар тізімге алынды
Республика көлемінде жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде атыраулық учаскелік полиция инспекторлары Авангард ықшамауданы мен Сәтбаев, Махамбет көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлерінен жеңіл жүрісті 11 бойжеткенді анықтады. Олардың алтауы – Оңтүстік Қазақстан облысынан келгендер. Полиция инспекторлары жеңіл жүрісті қыздарға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Сексуалды сипатта қызметтер көрсету», 492-бабы «Қазақстан Республикасында…
Толығырақ »Қызыл үй елдімекенінде 41 оқушы штаттық режимде білім алуда
Исатай ауданының Қызыл үй елдімекеніндегі мектепте 41 оқушы штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Мектеп директоры Қабыл Ғұбашевтің айтуынша, өткен жылы пайдалануға берілген 80 орындық мектепте 1 – 9 сыныптардың 41 оқушысы білім алып жатыр. Карантин жағдайына байланысты өткен оқу жылының төртінші…
Толығырақ »481 тұрғыны бар ауылға интернет желісі орнатылуда
Томан елдімекеніне интернет желісі 1 қазанға дейін толық орнатылады. Бұл туралы Атырау облыстық Білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Исатай ауданындағы Аққыстау ауылдық округі Томан елдімекенінде штаттық режимде 1 – 4 сыныптың 33 оқушысы білім алуда. Мұнда ІТ-сынып толық жабдықталған. Томан бастауыш мектебінің меңгерушісі Жанаргүл Жанғалиеваның айтуынша, 1970 жылы салынған…
Толығырақ »Таубаев тексеріліп жатыр
Нұрлан Таубаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы «AntikorNews» алаңында аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров айтты. – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет шын мәнінде Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты аса ірі көлемде пара алу…
Толығырақ »Құрманғазыда көлік өртенді
Атырау облысының Құрманғазы ауданында шетелдік жүк көлігі жанып кетті. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 17 қыркүйекте болған. Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:24-те Құрманғазы ауданында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен. Оның «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 798-шақырымында Түркиядан Өзбекстан Республикасына бара жатқан «Mercedes Benz» маркалы фура автокөлігі екені анықталды.…
Толығырақ »Атыраулықтар пойызбен жүретін болды
Атырау облысы әкімдігінің хаты негізінде және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің келісімі бойынша 25 қыркүйектен бастап Атырау облысына пойыздар қатынай бастайды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 1) №41/42 «Атырау – Алматы-1» пойызы Атыраудан 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап, Алматыдан 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап жөнелтіледі; 2)…
Толығырақ »Коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарызды заңсыз өндірген
Бас прокуратура жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың қызметіне тексеру жүргізді. Бақ.кз-тің хабарлауынша, оның нәтижелері туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов айтып берді. Оның айтуынша, тексерулерге олардың атына келген шағымдар негіз болған. Адамдар коллекторлардың әдепсіз әрекеттері, олардың қорқытуы туралы және осындай қорқытулардың шынымен орындалып жатқаны туралы жазды. Коллекторлар шоттар мен…
Толығырақ »Министр қазақстандықтарды сенбілікке шақырды
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға үндеу жасады. – Ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады. Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз, – деп жазды министр Twitter-дегі парақшасында. Мырзағалиевтың айтуынша,…
Толығырақ »АИГИ мемлекеттен қолдау таппады
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жарияланған ЖОО-лардың қатарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бар. – Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-нын грант алуға жібермеді. ЖОО-ларға қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа…
Толығырақ »Чек берілмегені туралы хабарлағандарға сыйлық беріледі
«Азаматтық бақылау – чек талап ет» жыл сайынғы акциясы 12 мамырдан бастап өтуде. Акция аясында азаматтар фискалдық чектің берілмеуі немесе банк картасын қабылдаудан бас тарту бұзушылықтары туралы хабарлауына болады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, «Азаматтық бақылау – чек талап ет» акциясына кез келген азамат қатыса алады. Барлық жіберілген арыздар мемлекеттік кірістер…
Толығырақ »









