Құрманғазыда көлік өртенді

Атырау облысының Құрманғазы ауданында шетелдік жүк көлігі жанып кетті.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқыс оқиға кеше, 17 қыркүйекте болған.
Департаменттің диспетчерлік пультіне кешкі сағат 20:24-те Құрманғазы ауданында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен. Оның «Атырау-Ақтөбе» тасжолының 798-шақырымында Түркиядан Өзбекстан Республикасына бара жатқан «Mercedes Benz» маркалы фура автокөлігі екені анықталды.
Өртті сөндіруге Құрманғазы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды. Көлік өрті сағат 23:19-да толық жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталуда.