АИГИ мемлекеттен қолдау таппады

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Олжас Ордабаев мемлекет тарапынан қолдауға ие болмаған Жоғары оқу орындарының тізімін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Жарияланған ЖОО-лардың қатарында Атырау инженерлік-гуманитарлық институты бар.
– Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі 36 ЖОО-нын грант алуға жібермеді. ЖОО-ларға қатысты Атамекен рейтинг жүргізіп, жұмысқа орналастыруда төмен орыны мен әлсіз позициясы үшін осылай іріктеліп алынды, – деп жазды ол Фейсбуктегі парақшасында.