Әлеумет - Білім - 18.09.2023

Атыраудағы STEAM орталығында «Ашық есік күні» өтті

Атыраудағы ең ірі STEAM білім беру орталығы – JasSpace ашық есік күнінде ата-аналарға, оқушыларға керемет мүмкіндіктер ұсына отырып, жобалар жасау мен конкурстарға қатысуға баулиды. Бұл туралы Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып «Батыс — Инфо» хабарлайды.
Ашық есік күні тәлімгерлер «Анатомия», «Жасушалық биология», «IT негіздері», «Инженерияға кіріспе», «Журналистика», «Робототехника» курстарынан шеберлік сағаттарын өткізді.
— «Chevron» компаниясының қолдауымен Орталық Азияның Еуразия қорының іске асыруымен екінші жыл қатарынан өткізіліп келе жатырған «JasSpace кеңістігі» деп аталатын жоба бар. Бұл Steam бағыты бойынша 7-11 сынып оқушыларына білім беретін кеңістік. Бұл кеңістіктің ерекшелігі қосымша білім беру саласында 7-11 сынып оқушыларын әртүрлі ғылыми, технологиялық, инженерлік, өнер, сонымен қатар математика бағыттарында ерте кәсіптік бағдарлау. Сондай-ақ, STEAM — бұл кіріктірілген, интеграцияланған әдіс. Қазір бізде 16 білім беру бағдарламасы іске асырылып жатыр. Тоқталып өтсем, ғылыми бағытта — химия, жасушалық биология, экология, анатомия жүзеге асырылады. Ал техникалық бағыттар бойынша — робот техникасы, 3D модельдеу және басып шығару, лазерлік кескіндеу мен нақыштау, фрезерлік станок және ағашпен жұмыс, сонымен қатар веб-әзірлеу түрінде әртүрлі сайттарда жұмыс жасауға болады. Өнер бағытында – видеография, журналистика және ораторлық өнер сынды өзекті бағдарламалар бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы бұл жоба жастар үшін керемет мүмкіндік деп айта аламын, — деді жоба менеджері С.Ногайбаланова.
Сондай-ақ оның айтуынша, жоба аясында жалпы саны 10 тәлімгер жұмыс жасайды. Бұл тәлімгерлер биыл екінші жыл қатарынан жасағандықтан былтыр жоба аясында 6 мыңнан астам атыраулық оқушы қамтылды. Биыл JasSpace өзінің ашық есік күнін жариялап, кейбір бағдарламаларға өзгеріс енгізді.
Фото ken-zhyloi.kz сайтынан алынды.