Жүгенсіз қыздар тізімге алынды

Республика көлемінде жүріп жатқан «Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасы кезінде атыраулық учаскелік полиция инспекторлары Авангард ықшамауданы мен Сәтбаев, Махамбет көшелерінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлерінен жеңіл жүрісті 11 бойжеткенді анықтады.
Олардың алтауы – Оңтүстік Қазақстан облысынан келгендер.
Полиция инспекторлары жеңіл жүрісті қыздарға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «Сексуалды сипатта қызметтер көрсету», 492-бабы «Қазақстан Республикасында тіркеусіз, жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырып, органдар есебіне алды. Сонымен қатар, оларға пәтерлерін жалға берген азаматтарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан бері Атырау қаласында сексуалды сипатта қызметтер көрсетумен айналысып, құқықбұзушылық жасаған 70 адам жауапкершілікке тартылды.⁩