Пәтерін заңсыз жалдағандар анықталды

Республикалық «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында, 7 – 18 қыркүйек аралығында жалдамалы 778 пәтер тексерілді.
Тексеріс барысында заңсыз жалға берілген 67 пәтер анықталып, оларға қатысты құжаттар Атырау облысы бойынша салық департаментіне жолданды.
Сондай-ақ, өз мекен-жайларына тіркеуге отырмаған – 17 және мерзімі асқан жеке куәліктерін ауыстырмаған 11 азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 492-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.