8 көлік айыппұл тұрағына қойылды

16 – 17 қыркүйек күндері Атырауда мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ күйінде көлік басқарған 21 жүргізуші анықталды.

Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 10 айлық есептік көресткіш көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, кемшілікті оқиға орнында жоймаған, яғни көліктеріне мемлекеттік нөмірлерін тақпаған 8 жүргізушінің көлік құралы айыппұл тұрағына жеткізілді.