Жаңалықтар
Облыста 6 оттегі стансасы салынуда
Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. Оның айтуынша, орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру…
Толығырақ »Электронды үкімет қызметі жеңілдемек
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин танымал адвокат Жохар Өтебековтың eGov-қа қатысты шағымына жауап берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Бұған дейін Жохар Өтебеков eGov.kz порталын сынға алған еді. Оның айтуынша, «Электронды үкіметке» жүктеуге болатын файлдар беске, ал көлемі 10 МБ-ға дейін азайған. Адвокаттың клиенті полицияға салмақты файлдарға…
Толығырақ »Қызметкерлер жұмыс орнында велосипедпен жүреді
«Каспий Құбыр Консорциумы» компаниясының мұнай айдау стансасы 13 гектар жерді қамтиды. Бұл жерде қазандықтар шалғай орналасқандықтан, қызметкерлердің лезде жетуіне ерекше жағдай жасалған. Қаз-қатар тізілген мұнай толы қазандықтардың арасымен машинамен жүру қауіпті болғандықтан, жұмысшылар станса ішінде велосипедпен емін-еркін жүйткіп жүре береді. Ауысымдағы бір стансада қызмет істейтін 200-ден астам адам велосипед пайдаланады.…
Толығырақ »«Tengri Bank» лицензиясынан айырылды
Бүгін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-сын барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өтемақының ұлттық валютада төленетін мәлім етті. Оның сомасы: — теңгедегі жинақ салымдары бойынша 15 млн.…
Толығырақ »Атыраулық медқызметкерлерге 2 млрд. 145 млн. төленді
Атырау облысында пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне наурыз – тамыз айы аралығында 2 млрд. 145 млн. теңге төленді. ⠀ Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыс бойынша коронавирус және вирустық пневмония жұқтырған медициналық қызметкерлер саны – 1 085. Оның 561-і коронавирус жұқтырған болса, 524-і вирустық пневмония диагнозымен тіркеуге…
Толығырақ »Қазақстандық вакцина клиникалық зерттеле бастады
ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген коронавирус инфекциясына қарсы «QazCovid-in» вакцинасын клиникалық зерттеу басталды. ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, вакцинаны клиникалық зерттеу 18 – 50 жас аралығындағы дені сау ересек еріктілер арасында жүргізіледі. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтауға бағытталған зерттеудің I фазасына коронавируспен ауырмаған және…
Толығырақ »647 837 атыраулық – емханада тіркеуде
Атырау облысында бүгінгі таңда 651 703 тұрғын болса, оның 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны – 244 322. Ауылдар бойынша емдеу орталықтарына 356 524 адам тіркелген. Атырауда 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді.…
Толығырақ »Қазақстанға 390 млн. теңгеден астам ақша қайтарылды
2020 жылғы 14 қыркүйекте Швейцарияның Федералдық билігі «Қорғас ісі» бойынша ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелері жымқырып, шетелге шығарған 390 млн. теңгеден астам қаражатты Қазақстанға қайтарды. Бұл туралы zakon.kz хабарлады. Аталған қаражат 2012 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қылмыстық ұйымдасқан топтың белсенді мүшелерінің бірі Мағзұм Әбдіралиевке тиесілі Швейцария банкіндегі шетелдік компанияның шотында…
Толығырақ »Қазақстандық диплом Еуропа елдеріне жарамды болады
2021 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарының түлектеріне жаңартылған қосымшалары бар диплом беріледі. ҚР БҒМ-нің хабарлауынша, ол қосымшада елімізде алған жоғары білім біліктілігінің еуропалық біліктілік санатымен сәйкес екені міндетті түрде көрсетілетін болады. Қазақстан Республикасының Жоғары білім беру ұлттық біліктілік шеңберінің өздігінен сертификаттау бойынша есебін Болон процесінің хатшылығы қабылдаған. Енді еліміздегі…
Толығырақ »Атыраудағы жолдар ақылы болады
2024 жылдың соңына қарай Қазақстандағы 30-ға жуық жол магистральдары ақылы болады. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ақша төлеуге тура келетін жол учаскелерінің толық тізімін ұсынды. Ұлттық компанияның баспасөз қызметі атап өткендей, жолдарды ақылы ету кезең-кезеңмен 2024 жылға дейін жоспарланған. 2021 жылы Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасымен шектесетін…
Толығырақ »









