647 837 атыраулық – емханада тіркеуде

Атырау облысында​ бүгінгі таңда 651 703​ тұрғын болса, оның​ 647 837-сі емханаларда тіркеуде тұр. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.

Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалар саны – 244​ 322. Ауылдар бойынша емдеу орталықтарына 356 524 адам тіркелген.​

Атырауда 20 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Оның 15-і мемлекеттік емхана қатарында жұмыс атқарса, бесеуі – жекеменшік.