Облыста 6 оттегі стансасы салынуда

Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынуда. Бұл туралы Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров мәлімдеді.
Оның айтуынша, орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталықта және Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда.
Бүгінде облыстың медициналық ұйымдары 224 ИВЛ, 27 рентген, 10 компьютерлік томография аппаратымен, 977 оттегі генераторы және 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, облыстың емдеу-сауықтыру ұйымдарында жеке қорғаныш құралдарының екі айлық қоры мен жеткілікті дәрі-дәрмек қоры бар.