Коллекторлар мен жеке сот орындаушылар қарызды заңсыз өндірген

Бас прокуратура жеке сот орындаушылары мен коллекторлардың қызметіне тексеру жүргізді. Бақ.кз-тің хабарлауынша, оның нәтижелері туралы Бас прокурордың аға көмекшісі Қайрат Раисов айтып берді.
Оның айтуынша, тексерулерге олардың атына келген шағымдар негіз болған. Адамдар коллекторлардың әдепсіз әрекеттері, олардың қорқытуы туралы және осындай қорқытулардың шынымен орындалып жатқаны туралы жазды. Коллекторлар шоттар мен мүліктерге тыйым салуды жүзеге асырған. Өкілетті органдар шара қабылдамағасын, бас прокуратура мәселені өздері талдап, тексеру жүргізді. Нәтижесінде жекеленген коллекторлар мен жеке сот орындаушылардың қарыздарды заңсыз өндіру схемасын жасағаны анықталды.
Коллекторлар базаны жеке сот орындаушылардың логины мен паролін алып қолданған.
Әділет министрлігіне заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсыныс жасалып, оның нәтижесінде 18 жеке сот орындаушы республикалық палатадан шығарылған.
– Палатадан шығару лицензияларды тоқтату үшін сөзсіз негіз болып табылады. Сондықтан Әділет министрлігі жеке сот орындаушылардың лицензияларын тоқтату бойынша арыздарды бере бастады. Бас прокуратура қаржы нарығы реттеу агенттігіне коллекторлардың бұзушылықтары туралы хат жолдады. Агенттік пен Әділет министрі коллектор қызметіне тексеру жүргізеді, – деді Раисов.