Денсаулық
Коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады
Өткен тәулікте Атырау облысында КВИ белгілері бар 11 адам, белгілері жоқ 148 тасымалдаушы тіркелген. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. Сонымен қатар, кеше қатерлі дерттің себебінен облысымызда 3 адам көз жұмды. Олар: 1939 жылы туған ер адам мен 1943, 1960 жылғы әйел адамдар. Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан…
Толығырақ »Алексей Цой — ҚР Денсаулық сақтау министрі
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасы хабарлады. Біртановтың орнына осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр қызметін атқарған Алексей Цой тағайындалды. Әлеуметтік желіде оның қазақ тілін білетіні не білмейтіні туралы әңгіме өршіп тұр. Дегенмен интернет беттерінде Цойдың мемлекеттік тілді…
Толығырақ »50 орындық провизорлық стационар ашылмақ
Атырауда қосымша 50 орындық провизорлық стационар ашылады. Бұл туралы бүгін Атырау облысы əкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың төрағалығымен медициналық мекемелер басшылары қатысқан жиында айтылды. Қазіргі аймақтағы ахуалдың күрделілігіне байланысты жиында облыс басшылығы қосымша инфекциялық, карантиндік және провизорлық стационар ашу мәселелерін қарастырып жатқаны мәлім болды. — Бірінші кезекте облыстық аурухана жанынан…
Толығырақ »Парацетамолдың пайдасы бар-жоғын айтты
Аса қажет болмаса да, тұрғындардың дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектерді жаппай сатып алып жатқаны қалада дүрбелең туғызып жатқан көрінеді. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. «Семейное» дәріханалар желісінің директоры Руслан Сәрсеновтың айтуынша, тұрғындар белгілі бір дәрілерді қабылдау инфекция жұқтырудың алдын алады немесе ауру…
Толығырақ »Атырауда індет індеп барады
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 23-маусымдағы жағдай бойынша тәулік ішінде белгілері жоқ 335 тасымалдаушы тіркелген. Бұл — республика бойынша рекордтық көрсеткіш. Жалпы, осыған дейін облыс бойынша ауырғандардың саны 1540 болса, жазылып шыққандар – 1141. Ал көз жұмғандар — 14 адам.
Толығырақ »Коронавирус: қызылқоғалық қайтыс болды
Қызылқоғадағы Жедел штабтың бүгінгі мәліметі бойынша, ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 71-ге жеткен. Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейін Миялы ауылынан 56, Кенбай учаскелік вахталық қалашығынан 5, Мұқыр ауылынан 5, Сағыз ауылынан 3 және Қызылқоға мен Тасшағыл ауылдарынан бір-бір жағдай тіркелді. Бес адам жазылып шыққанмен, өкінішке орай, қауіпті індеттен миялылық зейнеткер…
Толығырақ »COVID-19 бойынша «Каспий» клиникасы сараптама жасамақ
Наурыз айының басынан бері COVID-19 инфекциясын анықтау үшін аймақта 20 000-нан аса тест сынамасы алынған. Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева мәлімдеді. Гүлнафис Таңбаеваның айтуынша, бүгінге дейін Атырауға 29 620 ПТР тест алынып, коронавирус инфекциясын анықтау бойынша 20 238 рет тест жасалған. —…
Толығырақ »COVID-19: тағы 35 адам тіркелді
Кеше Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтыру белгілері бар 35 адам тіркелген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. COVID-19 олардан скринигтен өту кезінде анықталған. Барлығы — Атырау қаласынан. Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, ем қабылдауда. Қазіргі таңда ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталып…
Толығырақ »38 адамнан коронавирус анықталды
Бүгін Атырау облысында 38 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады. Инфекция жұқтырған 33 адам Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 32-сінен вирус скринингтен өту барысында анықталса, ал біреуі инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Қалған 5 жағдайдың біреуі Исатай ауданының 1963 жылы және Индер ауданының 1953 жылы туған тұрғындарынан…
Толығырақ »Инфекция жұқтырғандар ауруханаға сыймай жатыр
Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны көбеюде. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлады. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңірде тәулігіне 20-30 науқас инфекциялық және провизорлық стационарға жіберіледі. №2 Атырау облыстық ауруханасында науқастарға 180 кереует қарастырылған, ал қазіргі уақытта мұнда 200-ге жуық науқас…
Толығырақ »