Алексей Цой — ҚР Денсаулық сақтау министрі

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Елжан Біртанов Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың ресми парақшасы хабарлады.

Біртановтың орнына осыған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде вице-министр қызметін атқарған Алексей Цой тағайындалды.

Әлеуметтік желіде оның қазақ тілін білетіні не білмейтіні туралы әңгіме өршіп тұр. Дегенмен интернет беттерінде Цойдың мемлекеттік тілді сөйлесе алатын деңгейде меңгергені жазылған.