Жаңалықтар - 09.10.2023

Төтенше жағдайлар департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды

Бүгін Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Жаңабаев жеке құрамға Департамент бастығының орынбасары – Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Алмаз Боранбайұлы Төлендинді таныстырды.

Алмаз Төлендин — 1984 жылы 19 наурызда Қостанай облысында дүниеге келген. 2005 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша, 2017 жылы З.Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 2006 жылы инженер лауазымынан бастаған.

Ол қызмет атқарған жылдарында 45 рет марапатқа ие болған.