«Атырау-Ақпараттың» жаңа басшысы таныстырылды

Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы «Атырау-Ақпарат» ұжымының жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО atr.kz сайтына сүйене отырып.

Нұрболат Елеусінов Мақсотұлы 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 2013 жылы бастаған ол Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі бас маманының міндетін атқарушы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің бас маманы, Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы болып қызмет етті.

Нұрболат Елеусінов осыған дейін Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Естеріңізге сала кетейік, «Атырау-Ақпарат» медихолдингінің бұған дейінгі басшысы Жасын Біркенов «Хабар 24» телеарнасының директоры қызметіне ауысқан еді.