Әлеуметтік нысандардың жобасы талқыланды

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен Атырау қаласында жүзеге асатын нысандардың жобасы туралы жиын өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесуде компания өкілдері орталық стадион, ұлттық спорт орталығын, шығармашылықты дамыту орталығын, көпсалалы спорт кешені мен концерт залын, спорттық мектеп интернатын, медициналық нысандарды салу және мектептерді қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін жобалар ұсынды.

Өз кезегінде Қайрат Нұртаев компания өкілдеріне әр нысандарға жауапты сала басшыларымен бірге жобаларды жан-жақты талқылап, 20 қазанға дейін  ұсыну қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, жауапты әкімдік қызметкерлеріне қалада, Мақат және Жылыой аудандарында салынатын нысандардың жер телімін әзірлеуді тапсырды.