Коронавирустан көз жұмғандар көбейіп барады

Өткен тәулікте Атырау облысында КВИ белгілері бар 11 адам, белгілері жоқ 148 тасымалдаушы тіркелген. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Сонымен қатар, кеше қатерлі дерттің себебінен облысымызда 3 адам көз жұмды. Олар: 1939 жылы туған ер адам мен 1943, 1960 жылғы әйел адамдар.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.
Stopcoronavirus.kz сайтының бүгінгі ресми дерегінше осы күнге дейін аймақта қатерлі инфекциядан көз жұмғандар саны 14-ке жетіп отыр. Бірақ кей сайттарда облыс бойынша 21 адамның қайтыс болғаны туралы жазылған.