38 адамнан коронавирус анықталды

Бүгін Атырау облысында 38 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Инфекция жұқтырған 33 адам Атырау қаласынан тіркелді. Олардың 32-сінен вирус скринингтен өту барысында анықталса, ал біреуі инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған. Қалған 5 жағдайдың біреуі Исатай ауданының 1963 жылы және Индер ауданының 1953 жылы туған тұрғындарынан табылып отыр. Ал 3-еуі Махамбет ауданының 1957, 1994, 2000 жылы туған тұрғындарынан тіркелді. Инфекция бұлардың барлығынан скринигтен өту кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда аймақта COVID-19 жұқтырған 1440 адам анықталып отыр. Жазылып шыққандар саны — 1095.