Тағы екі адам судың құрбаны болды

Кешегі демалыс күндері Атырау облысында тағы 2 адам Жайық өзеніне батып кеткен. Бұл туралы Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

Махамбет ауданына қарасты Ақтоғай ауылы мен Атырау қаласынан 13 км жердегі Талқайраң ауылында болған оқиғадан 1989 және 2000 жылы туған азаматтар қайтыс болды.

ТЖД хабарлауынша, екеуі де Жайық өзенінің арнайы жабдықталмаған жерлерінде суға түскен.