Ауызсу мәселесіне алаңдауға негіз жоқ

Қазақстанда 15,5 текше шақырым мөлшерінде су қоры бар 3 692 ауызсу орны барланды. Бұл шаруашылықты және тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету үшін қажет, деп хабарлайды БАТЫС.ИНФО.

Жалпы, елімізде жылына шаруашылық және ауызсу қажеттіліктері үшін 1 текше шақырымнан сәл артық су алынады.

Су кодексінің қолданыстағы редакциясына сәйкес ауызсу көздері қорын сақтау ластанудан және бітелуден қорғалған жерасты су объектілерінің базасында жүзеге асырылады.

– Бұл ауыз су қоры – тіршілік нәрі жетіспеген жағдайда қажет болады. Біз жер асты суларын зерттеуге көп көңіл бөлеміз. Мысалы, Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде гидрогеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және жерасты су ресурстарына мемлекеттік бақылау мен мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет құрылатын болады. Сондай-ақ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің жер асты сулары бойынша функцияларының бір бөлігі біздің министрліктің құзыретіне өтеді, – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.