Жылу мен суға аз төлейді

Атырау облысының Исатай ауданында бірқатар қызметтерге тарифтер төмендетілді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
«Қамысқала су арнасы» ЖШС-да 2019 жылдың қорытындысы бойынша бекітілген тарифтік сметаны орындау талабын сақтамаған.
2019 жылға «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның Исатай ауданына реттеліп көрсетілетін қызметтері бойынша Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын қоса есептегендегі негізсіз алынған табысының сомасы: Аққыстау, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден елді мекендері бойынша таратушы желілері арқылы суды беру – 12 893 290; Аққыстау ауылы сарқынды суларды бұру – 1 843 810; Исатай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 664 530 теңге. Осыған сәйкес, департамент осы жылдың 1-қазаннан бастап, «Қамысқала су арнасы» ЖШС-ның реттеліп көрсетілетін қызметтеріне уақытша өтемдік тарифі ҚҚС-сыз аталған ауылдар бойынша таратушы желілері арқылы суды беруді текше метріне – 202,32 теңге немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 13%-ға төмендетумен берілмек. Сондай-ақ, Исатай ауданына жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау – 4548,80 теңге/Гкал немесе қолданыстағы тарифпен салыстырғанда 9,94%-ға төмендетумен енгізеді.