Коронавирус: қызылқоғалық қайтыс болды
Қызылқоғадағы Жедел штабтың бүгінгі мәліметі бойынша, ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 71-ге жеткен.
Нақтырақ айтқанда, осы уақытқа дейін Миялы ауылынан 56, Кенбай учаскелік вахталық қалашығынан 5, Мұқыр ауылынан 5, Сағыз ауылынан 3 және Қызылқоға мен Тасшағыл ауылдарынан бір-бір жағдай тіркелді.
Бес адам жазылып шыққанмен, өкінішке орай, қауіпті індеттен миялылық зейнеткер қайтыс болды.