COVID-19: тағы 35 адам тіркелді

Кеше Атырау облысында COVID-19 инфекциясын жұқтыру белгілері бар 35 адам тіркелген. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

COVID-19  олардан скринигтен өту кезінде анықталған. Барлығы — Атырау қаласынан.

Науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, ем қабылдауда.

Қазіргі таңда ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары мен дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталып жатыр.

22-маусымдағы жағдайға сәйкес, Қазақстан бойынша белгілері жоқ тасымалдаушылар саны ең көп тіркелген аймақ — Атырау облысы.