Атырауда індет індеп барады
Атырау облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 65 адам тіркелді. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
23-маусымдағы жағдай бойынша тәулік ішінде белгілері жоқ 335 тасымалдаушы тіркелген. Бұл — республика бойынша рекордтық көрсеткіш.
Жалпы, осыған дейін облыс бойынша ауырғандардың саны 1540 болса, жазылып шыққандар – 1141. Ал көз жұмғандар — 14 адам.