«Халық алғысын» әкім табыстады

Бүгін Атырау облысында 181 адам «Халық алғысы» медаліне ие болды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов бір топ атыраулықты онлайн өткен «Biz Birgemiz» республикалық форумы аясында аталған медалмен марапаттады.

Бұл марапат ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салаларындағы, сондай-ақ, пандемияға қарсы күрестегі қажырлы еңбегі үшін табысталды. Ал облыс басшысының қолынан Азаматтық белсенді Гүлназ Қосмурзиева, облыстық балалар стоматологиялық емханасының эпидемиолог-дәрігері Гүлжамал Таубаева, Жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Бағытжан Исаев және облыстық №2 аурухананың дәрігер-инфекционисі Жантөре Орысбаева секілді т.б. он адам медаль алды.