Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсырылды

М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 25 қазан — Республика күніне орай «Тұғыры биік Қазақстан» атты салтанатты шара өтті. Жиынға облыс әкімі  Серік Шәпкенов қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

  Бұл тарихи құжат Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігін айқындап берді. Қазақстанның сыртқы экономикалық қызмет мәселелерін дербес шешетіні анықталды. Біз еліміздің жас буынына ел тарихындағы осындай айтулы күндердің бағасы мен мәнін ұғындыруымыз керек. Қоғамда шынайы демократияландыру процестері жүріп жатқанын азаматтардың еркі мен бостандығының қамтамасыз етілуінен, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары дамып, азаматтық қоғам құра алғанымыздан анық аңғаруға болады. Еліміздің дамуы мен тұрғындардың өмір сапасын арттыру жолында өңіріміздің әлеуетін толық пайдаланып, игі іс атқарайық,-деді С.Шәпкенов.

Мереке қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі cіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін 44 адам марапатталды. 

«Парасат» орденін еңбек ардагері Мадина Ғабдісәлімова иеленді.

«Құрмет» ордені:

Халел Жамалов,  «Горизонт» ЖШС бас менеджері; 

Айбек Крамбаев, «Теңізшевройл» ЖШС Қазақстанда мұнай-газ өндіретін бірлескен кәсіпорын бас директорының кеңесшісі;

Анатолий Лысяк,  «Атырау барыстары» ЖШС баскетбол академиясының жаттықтырушысы;

Мақсот Мұқанов, Қызылқоға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;

Темірбек Мұхтаров, «Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК бас суретшісі;

Қайрат Нұртаев, Атырау облысы әкімінің орынбасары;

Сәлімгерей Садықов, «Дина Нұрпейісова  атындағы  халықтық  музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі халық аспаптар бөлімінің домбыра мамандығының арнайы аспап пәнінің мұғалімі;

Сағын Сәрсенов, «InfinityPlazaEcoPark» эко-паркі, «Инфинити-Орда» ЖШС құрылтайшысы;

Мұқанғали Томанов, «Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК көркемдік жетекшісі.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені:

Дүйсембай Ержанғалиев, «Ембімұнайгаз» АҚ «Доссор Мұнайгаз» МГӨБ №1 Ботақан мұнай және газ өндіру цехының операторы;

Мұрат Жақсығалиев, «Атырау Жарық» АҚ Атырау қалалық электр желілерінің «Жоғары кернеулі электр жүйелері» учаскесінің электрмонтері;

Амангелді Қонашев, «Бірлік» ШҚ жұмысшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі:

Әбділдиев Аманбек, «Атырау Жарық» АҚ Қызылқоға аудандық электр жүйесінің басшысы;

Балмағамбетов Исатай, «Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директорының орынбасары;

Бекбаева Қарлығаш, «Атырау облысы Индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары;

 Гузиков Лев, «Былина» газетінің тілшісі;

 Демегенов Серік, «Атырау қалалық қаржы бөлімі» ММ басшысы;

 Жұмағалиева Гүлмира, «ПЦН Күзет» ЖШС бас директоры;

Исағалиев Мұрат, «Аман-Есен» ШҚ жетекшісі;

Исмағұлова Табила, «Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп» КММ математика пәні мұғалімі;

Қалиева Құрманай, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары;

Қарашин Бекет, «Алшы» әдеби-тарихи және мәдени қорының директоры;

Қуанышалиев Мансұр, еңбек ардагері;

Мәшімова Ақмарал, «Нұрмұхан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармония» КМҚК бас режиссері;

Мырзағалиев Шәкіржан, «АРЕС PetroТechnic жоғары колледж» ЖШС директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;

Нұров Есенбай, еңбек ардагері;

Сапаров Бағдат, Индер ауданы әкімінің кеңесшісі;

Төреғалиев Жүсіп, Бөкейхан ауылдық округінің әкімі;

Хайруллиев Мұса, Атырау облыстық мәслихатының төрағасы;

Халин Тілек, еңбек ардагері;

Шотпақов Сағынбай, Махамбет аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы.

 «Шапағат» медалі:

Қадыров Жангелді, «Атырау облыстық кардиологиялық орталығы» КМК ШЖҚ реанимация бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-анестезиолог-реаниматологі;

Ұтысхан Алтынбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы, «Иманғали» мешітінің бас имамы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы:

Бисенова Ғазиза, «Атырау облыстық Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театры» КМҚК әртісі;

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы:

Аманжолова Айнұр, Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы;

Бексұлтан Марат, «Batu Han Zhebesi» дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті;

Нұрманов Ербол, «Қазақстан темір жолы ұлттық  компаниясы» АҚ – «Атырау магистральдық  желі бөлімшесі филиалының Атырау сигнализация және байланыс дистанциясының бастығы;

Нысанбай Нұрлыбек, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС жетекші инженері;

Оразғалиева Малика, «YEMAA» заманауи өнер орталығының директоры;

Тян Александр, «Park Health West» ЖШС дәрігер оториноларингологі;

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО