Басты ақпарат
Үзілісте Абай әндері шырқалады
Атырау облысы Мақат кентінің №2 бастауыш мектебінің оқушылары үзіліс кезінде Абай әндерін шырқайды. Бұл туралы Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Абайдың 175 жылдығы аясында аталмыш білім ордасында қазақтың бас ақынына арналған кабинет ашылып, караоке орнатылған. Енді оқушылар сабақтан үзіліс кезінде Абай әнін шырқайды. Оқу орны дәлізіне үш…
Толығырақ »Қашағанда мұнай өндіру шектеледі
Қашағандағы мұнай өндіру көлемі ілеспе газды кәдеге жаратуға байланысты шектелетін болды. Sputnik Қазақстанның хабарлауынша, бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді. – Қашаған кен орнында өндірісті шектеудің негізгі себебі – ілеспе газды кәдеге жарату, – деді министр. Осы мақсатта North Caspian Operating Company Атырау облысындағы «Болашақ» газ өңдеу зауытының жанынан…
Толығырақ »Құрсай мен Алмалыда жарық сөнеді
Атырау бірыңғай байланыс орталығының хабарлауынша, ертең, 25 қараша күні сағат 10:00 – 15:00 аралығында Құрсай ауылының Еркінқала, Қарабау, Ақжонас көшелерінде және 10:00 – 18:00 аралығында Алмалы ауылдық округінде қолданыстағы трансформаторлық стансалар мен электр желілерінде жоспарланған кешенді жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында жарық сөндіріледі.
Толығырақ »Қайыршыларға айыппұл салынды
23 қараша күні полиция қызметкерлері қайыршылықпен айналысатын азаматтарды анықтау мақсатында облыс орталығының барлық ірі сауда нүктелеріне рейд жүргізді. Рейд барысында төрт адам анықталып, оларға қатысты ӘҚБтК-нің 449-бабы «Қоғамдық орындарда тиісу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар, осы баппен 7 жеке такси жүргізушісіне де хаттама толтырылып, барлық құқықбұзушыларға 5 АЕК мөлшерінде…
Толығырақ »Коронавируспен күресу үшін Қазақстан екі банктен қарыз алмақ
Қазақстан коронавируспен күресу үшін Азия Даму банкі мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 1,57 млрд. еуро қарыз алады. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады. Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы» заң…
Толығырақ »Биыл отандық кәсіпорындар 52 411 көлік құрастырған
Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. 2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігі, автобус пен арнайы техника құрастырған. Автоөнеркәсіп енді өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр. Соңғы 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы…
Толығырақ »Мұғалім гипоаллергенді сабын жасап шығаруда
Атырау облысында мектеп мұғалімі экологиялық таза сабын жасаумен айналысып жүр. Бұл туралы Атырау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. ⠀ Бүгінде Мақат кентіндегі №76 Латиф Шахатов орта мектебінің мұғалімі сабынның бірнеше түрін жасап шығарып отыр. Химиялық қоспасыз жасалған сабындар – экологиялық тұрғыда тазалығымен ерекшеленеді. ⠀ Гипоаллергенді өнімді күнделікті тұрмыста иіс…
Толығырақ »Атырау экологиясы ең нашар қалалардың ондығына кірді
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда экологиясы ең нашар қалаларды атады. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлады. Министрдің айтуынша, 2019 жылдың қорытындысы бойынша экологиялық мониторингке сәйкес 45 елдімекен ішінде 10 қала атмосфералық ауаның жоғары ластану деңгейіне жатады. – Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған…
Толығырақ »Облыста ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген
Атырау облысында соңғы екі жылда 177 сәби ЭКО тәсілімен дүниеге келді. Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады. Оның мәлімдеуінше, өңірде 3 000 әйел мен ер адам бедеулік диагнозымен тіркелген. – ЭКО тәсілімен сәбилі болу үшін мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру…
Толығырақ »2 миллион теңгеден аса айыппұлы бар жүргізуші ұсталды
Атырау–Доссор тас жолы бойында патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқтату талабын орындамаған «Toyota Camry» автокөлігі қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің мемлекеттік белгісі жалған екені анықталды. 24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлімі «Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату талабын орындамау», 590-бабының 5-бөлімінің 17.7-тармағы «Сыртқы жарық беру аспаптар деректері көлік…
Толығырақ »









