Биыл отандық кәсіпорындар 52 411 көлік құрастырған

Қазақстандық кәсіпорындар 50 мыңнан астам автокөлік құрастырды. Бұл туралы ҚР ИИДМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша отандық кәсіпорындар 52 411 жеңіл және жүк көлігі, автобус пен арнайы техника құрастырған. Автоөнеркәсіп енді өнімдерін 100 мың техникаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Соңғы 10 айда еліміздің машина жасау саласындағы өндіріс 16,5%-ға артты. Сондай-ақ, автокөлік, трейлер мен жартылай тіркеме шығару көлемі – 53,6%, өзге көлік – 87,1%, электр жабдықтары – 3%, машина мен қондырғы өндірісі 4,3%-ға өскен.