Атырауда КамАЗ өртенді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Жылыой ауданында болған.

– №9 өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік пультіне сағат 07:22-де Құлсары–Теңіз тас жолында жүк автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында «KARPET TRANSPORTATION» ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған КамАЗ автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер автоцистернадағы 30 текше метр мұнайдың өртенуіне жол бермеді, – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жалынды сөндіруге №9 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің 3 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.