Атыраудың біраз бөлігінде су тоқтатылады

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы СМП-136 ықшамауданы №6 үй аумағы Д-400 мм су құбырындағы апатты орталық ысырманы ауыстыруына байланысты ертең, 26 қараша күні сағат 10:00 – 15:00 аралығында су беру тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды.
Олардың ішінде көпқабатты тұрғын үйлер: Махамбет көшесі, №114 а, б, в, Момышұлы көшесі, №21, Канцев көшесі, №1, 3, 3а, 5, 11, Серго көшесі, №15, 17, 19, Уәлиханов к-сі, № 13 – 21.
Жеке сектордағы тұрғын үйлер: Бақтыгереев, Уәлиханов, Чайковский, Қоғалы, Абишев, Тәуке хан, Қабанбай батыр, Датов, Меңдешев, Игілік, Мамедов көшелері мен Жәңгір хан, Кенен Әзербаев, Тұмар ханша, Ленинград, Әнет баба, Үлкен көл, Сороченко, Алғабас, Қамысты, Көшім, Бақсай, Күйші Байжұма, Доссор, Восточный, Каспий, Абуталиев өткелдірі.
Канцев көшесіндегі №17 мектеп аумағындағы «Орталық Б» жылу пункті.