Кеше облыста 8 адамнан корнавирус анықталды

Өңірде өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды.
Қауіпті дертке шалдыққандардың бесеуі – Атырау қаласынан, үшеуі – Теңіз кенішінен. Науқастардың екеуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз өтуде.
Сондай-ақ, кеше үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам КВИ-ден жазылып шықты.
Қазіргі уақытта 122 адам үй жағдайында емделіп жатырса, облыстық инфекциялық стационарда – 26, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 40 адам ем қабылдауда.