Басты ақпарат
Қазақстанда кең ауқымды «Киік» акциясы басталды
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, елімізде кең ауқымды «Киік» табиғатты қорғау акциясы басталды. Ол 31 желтоқсанға дейін жалғаспақ. «Киік» акциясы Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумағында өткізіледі. «Киік» акциясына «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның Жануарлар дүниесін қорғау…
Толығырақ »Қашағанда 50 млн. тонна мұнай өндірілді
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Қашаған» кен орнынан төрт жылда өндірілген мұнайдың көлемі 50 млн. тоннаға жетті. – Солтүстік Каспий жобасының операторы – NCOC компаниясы тағы бір маңызды көрсеткішке қол жеткізді. «Қашаған» кен орнында 2016 жылдан бері 50 млн. тонна мұнай өндіріліп, экспортталды, – деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. Компания COVID-19…
Толығырақ »Африкада құдық қазған атыраулықтар
Атыраудағы «Білім-Инновация» лицейінің 2005 жылғы түлектері қайырымдылық жасап Африка құрлығының Малави мемлекеті ауылдарының біріне ауыз су құдығын қазып берді. Осы игі іске үлес қосқан түлектің бірі Азамат Иманғалиевтың айтуынша, таңдау Малавиге кездейсоқ түспеген. Сыныптасының бірі сол жаққа іссапармен барып, ол жақтағы халықтың өмір сүру жағдайын өз көзімен көрген. – Атырауға…
Толығырақ »Білім гранттарының саны артып, шәкіртақы көбейеді
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылға қарай білім гранттарының саны 50 пайызға артып, студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есеге көбейеді. – 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген…
Толығырақ »Елімізде 800 мектеп салынбақшы
Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынатынын айтты. – Бәсекеге қабілетті ел болу үшін білім мен мәдениет саласын өркендетуге, жастарымызды қолдауға аса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Сонда апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешеміз,…
Толығырақ »Атырауда бас санитар дәрігер тағы ауысты
ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Жаңа лауазымға дейін ол Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980…
Толығырақ »813 отбасы апатты үйден жаңа пәтерге көшті
Атырау қаласында апатты үйде тұратын 813 отбасы жаңа пәтерге көшті. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады. Қуанышқа кенелгендер арасында қарабатандық 27 отбасы бар. Олар Жұлдыз шағынауданындағы жаңа пәтерлерге орналасты. Биыл тозығы жеткен ескі үй тұрғындарының 40%-ы жаңа баспанаға көшті. Алдағы уақытта 1 500 жаңа пәтер тапсырылса, өңірдегі апатты үй…
Толығырақ »Кеше облыста 8 адамнан корнавирус анықталды
Өңірде өткен тәулікте 8 адамнан коронавирус індеті ПТР арқылы анықталды. Қауіпті дертке шалдыққандардың бесеуі – Атырау қаласынан, үшеуі – Теңіз кенішінен. Науқастардың екеуінде ауру симптомды, қалғанында симптомсыз өтуде. Сондай-ақ, кеше үй жағдайында ем алып жатқан 38 адам КВИ-ден жазылып шықты. Қазіргі уақытта 122 адам үй жағдайында емделіп жатырса, облыстық инфекциялық…
Толығырақ »Атыраудың біраз бөлігінде су тоқтатылады
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-ы СМП-136 ықшамауданы №6 үй аумағы Д-400 мм су құбырындағы апатты орталық ысырманы ауыстыруына байланысты ертең, 26 қараша күні сағат 10:00 – 15:00 аралығында су беру тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды. Олардың ішінде көпқабатты тұрғын үйлер: Махамбет көшесі, №114 а, б, в, Момышұлы көшесі, №21, Канцев көшесі, №1,…
Толығырақ »Атырауда КамАЗ өртенді
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше Жылыой ауданында болған. – №9 өрт сөндіру бөлімінің диспетчерлік пультіне сағат 07:22-де Құлсары–Теңіз тас жолында жүк автокөлігінің өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнында «KARPET TRANSPORTATION» ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған КамАЗ автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі жанып жатқаны анықталды. Өрт сөндірушілер…
Толығырақ »









