Атырауда бас санитар дәрігер тағы ауысты

ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығына сәйкес Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері болып Амантай Жұмағалиев тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
Жаңа лауазымға дейін ол Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Амантай Жұмағалиев 1957 жылы Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген. 1980 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын санитария дәрігері мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын 1980 жылы бұрынғы Гурьев облыстық санитарлық-эпидемиологиялық стансасының тағам гигиенасы бөлімшесінің меңгерушісі болып бастаған.
Пандемия басталғалы облыста осымен жетінші рет бас санитар дәрігер ауысты.