Елімізде 800 мектеп салынбақшы

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 800 жаңа мектеп салынатынын айтты.
– Бәсекеге қабілетті ел болу үшін білім мен мәдениет саласын өркендетуге, жастарымызды қолдауға аса мән беруіміз керек. Бүкіл Қазақстан бойынша 800 жаңа мектеп салынады. Сонда апатты және үш ауысымды мектептердің мәселесін толық шешеміз, – президент.
Мемлекет басшысының айтуынша, барлық мектептер интернет, компьютер және пән кабинеттерімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, ауыл мектептерінің дамуына ерекше көңіл бөлініп, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде орналасқан 5 мыңнан астам мектеп жаңартылады.