Облыста ЭКО тәсілімен 177 сәби дүниеге келген

Атырау облысында соңғы екі жылда 177 сәби ЭКО тәсілімен дүниеге келді. Бұл туралы «Экомед Атырау» орталығының репродуктолог-дәрігері Гүлсара Басарова өңірлік коммуникациялар алаңында өткен онлайн брифингте хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, өңірде 3 000 әйел мен ер адам бедеулік диагнозымен тіркелген.
– ЭКО тәсілімен сәбилі болу үшін мемлекет тарапынан жыл сайын экстракорпоральды ұрықтандыру процедурасына квота бөлініп келеді. Биыл 9 квота бөлінсе, оның 6 процедурасы ғана нәтижелі болды. Жалпы соңғы 2 жылда ЭКО тәсілімен 177 бала дүниеге келді. Сәбилердің арасында егіздер мен үшемдер де бар, – деді Гүлсара Басарова.