Қашып жүрген қылмыскерлер ұсталды

Атырау облысы Полиция қызметкерлері жедел шаралар нәтижесінде іздеуде жүрген 57 қылмыскерді ұстады.
Биыл наурыз – қыркүйек айларында қылмыс жасағаны үшін айыпталып, сот органдарынан бой тасалап жүрген тұлғаларды іздестіру әрі ұстау, сондай-ақ, із-түссіз жоғалғандардың жүрген жерін анықтау мақсатында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің аумағында «Іздестіру» бірлескен іс-шарасы өткізілді. Шара барысында іздеуде жүрген 3 қылмыскер Өзбекстан Республикасы аумағынан, Ресей Федерациясы, Украина және Молдова Республикалары аумағынан бір-бірден іздеудегі қылмыскерлердің жүрген жерлері анықталса, Атырау аумағынан Ресей Федерациясы құқық қорғау органдарымен іздеудегі 4 қылмыскердің, Өзбекстан Республикасы құқық қорғау органдарымен іздеудегі 3 қылмыскердің жүрген жерлері анықталды.
Атыраулық тәртіп сақшылар, сонымен қатар, хабар-ошарсыз кетіп іздеу жарияланған 29 тұлғаның 26-сының жүрген жерін анықтап, үйлеріне қайтарды.