2,6 миллион бала қашықтан оқиды

Биылғы оқу жылында 3,3 млн. қазақстандық оқушы, 466 мың колледж студенті және 600 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенті білім алады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 352 091 оқушы қабылданды, олардың шамамен 75%-ы – 6 жасқа толған бүлдіршіндер.
1 – 4 сынып оқушылары үшін бір сыныпта 15 оқушыдан аспайтын кезекші сыныптар жұмыс істей бастады. Кезекші сыныптарда бастауыш оқушыларының 60 пайызы оқиды.
Шамамен 2,6 млн. оқушы жаңа оқу жылын қашықтан оқыту форматында бастады. Олар отандық білім беру платформаларын пайдалана отырып, қашықтан оқитын болады. «Балапан» және «Ел Арна» республикалық телеарналары педагогтардың тілектері бойынша қосымша құрал ретінде пайдаланылатын телесабақтарды тарататын болады.
Сонымен қатар, бүгін еліміз бойынша жаңа 32 мектеп ашылды және 10 258 жас маман мектептегі алғашқы жұмысын бастады.