Мұғалімдер мен оқушыларға – арнайы тариф

Елімізде оқушылар мен ұстаздар арасындағы байланыс үшін арнайы тариф іске қосылады. Бұл туралы «Күнделік» ЖШС-нің бас директоры Мұхтар Ілиясов ОКҚ-да өткен брифингте мәлімдеді.
Тариф үшін ай сайынғы абоненттік төлем – 990 теңге.
– Мұндай тариф қазір бар. Жетекші ұялы байланыс операторлары 990 теңгеге «Bilim» тарифін жасады. Ол оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады. Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды, – деді Мұхтар Ілиясов.