3-тамыздан бастап қандай нысандар жұмысына рұқсат?

Бүгін ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн Үкімет отырысында еліміздегі коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдайды баяндады.
Ол қазіргі қатаң карантин режимін сақтай отырып, 3-тамыздан бастап рұқсат етілетін нысандардың жұмысы туралы айтты.

Қатаң санитарлық-дезинфекциялық режим нормаларын сақтаған жағдайда, 2020 жылғы 3-тамыздан бастап инфекция репродуктивтілігі бірліктен аз болған жағдайда, сондай-ақ, апта ішінде төсек-орындардың 70 пайыздан төмені бос болмаса, өлім деңгейі түссе келесі инфрақұрылымдық нысандардың қызметіне рұқсат етіледі:
– Жұмыс істеу уақыты және күнін шектей отырып, сауда-ойын сауық орталықтары, сауда орындары, сауда орталықтары, жабық азық-түлік және азық-түлік сатпайтын базарлар;
– Әр топта 5 адамнан аспайтын балалар коррекциялық орталықтар, үйірмелер, білім беру орталықтары, мектепке дейінгі білім беру мекемелері кезекші топтарды ашу режимінде;
– Алдын ала жазылып, сұлулық салондары, шаштараздар, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары, маникюр және педикюр;
– Мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар, кеңсе қызметкерлері 80/20 пайыз көрсеткішпен жұмыс істеу керек;
– Таза ауада қашықтық сақтай отырып, жеке және топтық жаттығулар жасау;
– Сондай-ақ, ұлттық құрамалар 30-дан астам адам жиналмай жаттығу жасауға;
– Көшелерде, парктерде, саяжайларда 3 адамнан артық емес топпен серуендеуге;
Қоғамдық көліктер уақыты шектеулі, маска тағу, кондуктор болу, санитарлық нормаларға сай және 50 пайыздан көп адам отырғызбай жұмыс істеу, – деді ол.
Министр төмендегі нысандардың жұмысына тыйым салынатынын айтты.
– Жаппай адам жиналатын шараларға, кинотеатрлар, фудкорттар, көңіл көтеретін ұйымдар, банкет залдары, ресторындар, барлар, түнгі және ойын клубтарының жұмысына әлі де тыйым салу;
– Мәдени шаралар, конференция өткізу, форум, көрме өткізуге тыйым салу;
– Бассейн, фитнес орталықтар, бассейндер, аквапарктер, саяжайлардың жұмысына тыйым салу;
– Діни нысандардың жұмысына тыйым салу;
Сондай-ақ, қала маңындағы жолаушылар поездарының (жұмыс поездарынан басқа) қозғалысына тыйым салуды сақтау, жалпы вагондарды, қалааралық автобустарды (шағын автобустарды) қалыптастыру жоспарлануда.