Емханалар жоспарлы емдеуді бастайды

Тамыз айының басында Атырау ауруханалары жоспарлы емдеу кезегімен науқастарды қабылдай бастайды. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

— Денсаулық сақтау министрлігінің тапсырмасымен өңірдегі қатерлі ісік, қант диабеті, қан қысымы, жүрек аурулары сынды жоспарлы ем қабылдауы тиіс науқастар ауруханаларда жатып ем алатын болады. Бұған дейін олар емханаларға онлайн түрде жазылып, дәрігер бақылауында тұрған еді, — деді жергілікті денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаров.