Отыз млн. теңгенің дәрісін тегін таратпақ

Атырау облысы әкімдігі 30 миллион теңгенің дәрі-дәрмегін 3000 отбасыға тегін үлестірмек. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
— Біздің басты мақсатымыз — ең алдымен, ауырып қалған әлеуметтік әлжауаз топқа жататын жандарды дәрі-дәрмекпен шұғыл қамтамасыз ету. Өңірлік «Біз біргеміз» қорымен бірлесіп 30 млн. теңгеге жуық қаражатқа ең қажетті препараттар алынып, арнайы пакетке салынып дайындалды. Олар бірінші топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды асыраушы ата-аналарға тегін үлестіріледі. Мұқтаж адамдардың тізімі толық жасақталды. Мұндай қолдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, — деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Ертең волонтерлер ішіне 30 түрлі дәрі-дәрмек салынған арнайы пакеттерді Атырау қаласы мен облыста тұратын 3000 шаңыраққа жеткізіп береді.