Атыраулықтар айыппұл төлей бастады

Атырау қаласының 16 тұрғыны бетпердесіз жүргендері үшін 83 340 теңгеден айыппұл төлеген. Бұл туралы Облыстық бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садуақас Байғабылов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында хабарлады.
Оның мәліметінше, карантин режимін бұзғандарға салынатын айыппұл көлемі бекітілген. Жеке тұлғаларға 30, ал бизнес субьектілеріне 230-дан 1600-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.
— Соңғы бірнеше тәулікте Атырау қаласының 16 тұрғыны маска тағу режимін бұзғаны үшін жазаланды, — деді Садуақас Байғабылов.