Еуропаның есігі ашыла бастады

COVID-19 басталғалы үш айға жуық жабық болған Еуропа шекарасы 15 шілдеде қайта ашылмақ. Бұл туралы Euronews сайты хабарлады. 

Еуроодақтың шекарасын ашатын елдер қатарында Бельгия, Германия, Нидерланды, Франция, Швейцария бар. Әзірге тек Шенген аймағындағы ішкі шекаралар ғана ашылады. Барлығына болмаса да, бұл тек еуропалықтардың кіруіне рұқсат берілетінін білдіреді.

Шенген аймағынан тыс елдер үшін шектеулер әлі де сол қалпында қала бермек. Бірақ шілде айының аяғына таман Еуропаның басқа да аймақтарына жол ашылады деген болжам бар.