Жүргізушілерден 6 млн. теңге өндірілді

Атырауда «Борышкер» жедел іс-шарасы кезінде қарызын төлемей жүрген жүргізушілерден 6 млн. теңге өндірілді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабар таратты. 

Департамент қызметкерлері 8 маусымнан бері сот орындаушыларымен бірге «Борышкер» жедел іс-шарасын өткізіп жатыр. Іс-шара кезінде полицейлер Жедел басқару орталығының бақылау камералары арқылы борышын өтемей жүрген жүргізушілерді анықтап, планшеттің көмегімен 500-ден астам жүргізушіге әкімшілік айыппұлдарын өтеу туралы әкімшілік соттың қаулысын тапсырды. Борышы бар жүргізушілерден 6 млн теңгеге жуық айыппұл өндіріліп, 20 автокөлік айып тұрағына қойылған.

Сонымен қатар,  полиция қызметкерлері алимент төлемегендерді де анықтап, жүргізушілердің сақтандыру полисіне тексеру жүргізді. Полицейлер осының бәрін арнайы планшетпен атқарған.