Магистратура мен докторантураға түсуге қосымша сертификаттар қосылды

Магистратура мен докторантураға түсу үшін қажет халықаралық сертификаттар тізімі IELTS INDICATOR және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.
Магистратураға оқуға түсу үшін IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 6,0-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша 95-тен кем емес болуы қажет немесе кешенді тестілеу (КТ) барысында шет тілінен тест тапсыруға болады.
Докторантураға оқуға түсу үшін шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат міндетті және IELTS INDICATOR бойынша шекті балл 5,5-тен кем емес, Duolingo English Test бойынша 85-тен кем болмауы қажет.
IELTS INDICATOR сертификатының қолданылу мерзімі 2 жылға, ал Duolingo English Test сертификаты 1 жылға дейін жарамды.